Ссылки доступа

Қазақстанның тағы екі тұрғыны «терроризм» айыбымен ұсталды


Оңтүстік Қазақстан облысында "терроризмді насихаттады" деген айыппен екі күдікті ұсталды деп хабарлайды Азаттыққа ОҚО облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәлімлеуінше, “жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ішкі істер департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері” Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында “діни радикалдық аудио және бейнежазбаларды таратты” деген күдікпен 1990 және 1995 жылы туылған екі азаматты ұстаған.

Олардың үстінен терроризимді насихаттау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктілер қамауға алынған.

Өткен жылы дәл осы ауданда “терроризмді насихаттады” деген айыппен он бір тұрғын ұсталып, олардың бірі – 11-сынып оқушысы Шахзат Исмаилов өткен аптада сот төрт жылға сотталды.

XS
SM
MD
LG