Ссылки доступа

Биыл Өзбекстанда 350 мың жаңа жұмыс орны ашылады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев «Тұрақты даму ұлттық мақсатты жүзеге асыру шаралары» бағдарлама жобасына қол қойды. Құжатты елдің экономика министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп әзірлеген.

Бағдарламаға сәйкес шағын бизнеске қолдау көрсетіп, жұмыссыздарды қайтадан кәсіби дайындықтан өткізеді. Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласы кемінде 168,2 мың адамға жұмыс орны ашылмақ. Ал "Жол картасын" және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Егер бұл жоба оңтайлы жүзеге асса, Өзбекстан 2030 жылға қарай кедейшілік деңгейін екі есеге қысқартады.

Айта кету керек, бұл бағдарлама Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп әзірленген. Онда халықтың салауатты өмір салтын, білімін жақсартуға арналған 17 стратегиялық мақсат қойылған.

XS
SM
MD
LG