Ссылки доступа

Өзбекстанда мұғалімнің сенбіліктегі өлімі шенеунікке сабақ болмапты


Учителя школы-интерната №62 в городе Самарканде занимаются уборкой территории учебного заведения.
Учителя школы-интерната №62 в городе Самарканде занимаются уборкой территории учебного заведения.

Өзбекстанның Самарқан облысы халыққа білім беру басқармасының басшысы болған Азамат Умаров Каттакурган ауданында ұстаз Диана Еникееваны көше сыпырып жүргенде КамАЗ басып өлтіруіне байланысты жұмыстан шығарылған.

Самарқан қаласында ақыл-есі кем балалар оқитын №62 арнайы мектеп-интернатқа директор болып барған Азамат Умаров алғашқы жұмыс күні-ақ барлық мұғалімді көші сыпыруға жіберген. "Мектеп-интернат қызметкерлерінің көбісінің кішкентай балалары бар, сол себепті олар тазалыққа балаларымен бірге көше сыпыруға мәжбүр болды", - деді мұғалім.

Еске салайық, биыл наурыз айының ортасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Самарқан облысына сапары қарсаңында Каттакурган ауданында 23 жастағы мектеп мұғалімі Диана Еникееваны сенбілікте КамАЗ қағып өлтірген. Қайғылы оқиғадан соң Самарқандағы бірнеше шенеунік, соның ішінде Азамат Умаров қызметінен алынды.

"18 мамырда біздің директорды күтпеген жерден зейнеткерлікке жіберіп, оның орнына 60 жастағы Умаровты тағайындады. Біздің бұрынғы директор мұғалімдерді көше тазалауға мәжбүрлемеген, қайта бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуімізді сұраған", - деді интернат ұстазы.

Сырдария облысына сапары кезінде президент Мирзияев мұғалім Диана Еникееваның өліміне өзін кінәлайтынын мәлімдеп, мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке жеккен басшылар жұмыстан шығарылатынын ескерткен.

№62 мектеп-интернат директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Гуллола Маматкулованың айтуынша, мұғалімдердің барлығы тазалық жұмысына өз еріктерімен шыққан. "Ұстаздар мен тәлімгерлерге тазалайтын азғандай жер берілген. Олар көшеде емес, мектеп-интернат аумағының ішінде жұмыс істеді емес пе!" - деп ашуланды директордың орынбасары.

XS
SM
MD
LG