Ссылки доступа

Әблязов қозғалысына салынған тыйыммен келіспейтін заңгер сотқа жүгінді


Юрист Антон Фабрый, который пытается через суд оспорить запрет ДВК на территории Казахстана.
Юрист Антон Фабрый, который пытается через суд оспорить запрет ДВК на территории Казахстана.

Астанада тұратын заңгер Антон Фабрый экс-банкир әрі билікті сынаушы Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына салынған тыйымның күшін сот арқылы жойдыртуға талпынып жүр. Фабрый "қозғалысқа да, Әблязовке де қатысым жоқ" дейді.

Астананың Есіл аудандық сотының "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысын "экстремистік ұйым" деп тану туралы наурыздың 13-індегі шешімі сот актілері жарияланатын базада жоқ. Елдегі белгілі құқық қорғау ұйымдарының бірі – Қазақстандағы адам құқығы бюросы сот шешімін бірнеше рет сұратқанымен, ол әрекеттерінен түк шықпаған. Сот органдары "ҚДТ ісі" бойынша сот процесіне қатысушы емессіңдер" деген уәжбен құқық қорғаушыларға сот шешімін бермей қойған.

Бірақ 68 жастағы астаналық адвокат Антон Фабрыйға жұртқа жарияланбаған сот шешімін (кейінгі кезде елде осы сот шешімін алға тартып, азаматтарды ұстап, қылмыстық істер қозғап жатыр) алудың сәті түскен.

Антон Фабрый алғашқы қадамын Есіл аудандық сотының ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, оның қызметіне тыйым салған наурыздың 13-індегі шешіміне қатысты апелляциялық сотқа жүгінуден бастаған. Сәуірдің 13-і күні Фабрый Астана қаласы сотына (Есіл аудандық соты арқылы) берген апелляциялық шағымында: "ҚДТ қозғалысына қосылғым келген, бірақ енді ондай заңды құқығымнан айырылдым, сот шешімі бірігу құқығымды шектейді" деп жазған. Бұған қоса, шағым иесі "ҚДТ - экстремистік ұйым емес" деп санайтынын, сондықтан Астана қаласы апелляциялық сотынан Есіл аудандық соты шешімінің күшін жоюды сұраған.

Фабрыйдың сөзінше, Есіл аудандық соты оның апелляциялық шағымын ол күткендей қабылдамаған әрі сәуірдің 16-сі күні оның шағымын қайтарып беру туралы ұйғарым шығарған. Сот мұның себебін "Фабрый - сот процесіне қатысушы емес әрі қабылданған шешімнің оның құқық, міндеттеріне қатысы жоқ, сондықтан оның апелляциялық шағым беруге қақы жоқ" деп түсіндірген.

Антон Фабрый бұл жағдайдан шығудың амалын тапқан – сәуірдің 25-і күні ол апелляциялық шағымын қабылдаудан бас тартқан Есіл аудандық сотының ұйғарымына қатысты жеке сипаттағы шағыммен сотқа жүгінген. Онда Фабрый апелляциялық шағымындағы қисындарды келтірген әрі оған Есіл аудандық соты шығарған ұйғарымның негізсіздігі туралы тармақ қосқан.

Есіл аудандық соты шешімінде ҚДТ қозғалысы құрылғаны туралы 2017 жылғы сәуірдің 20-сінде жарияланған және ҚДТ – "жеке азаматтардың қоғамдық бірлестігі ретінде әділет органдарында тіркелмеген тұрақты бірлестік" деп көрсетілген.

Есіл аудандық сотының мәлімдеуінше, ҚДТ Facebook, Instagram әлеуметтік желілері, Telegram, Viber мессенджерлері және YouTube видеохостингін пайдалану арқылы Қазақстан аумағында және одан тысқары жерлерде "Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттік билігін күшпен құлатуды көздейтін экстремистік сипаттағы мәліметтер мен үндеулер" таратып отыр.

XS
SM
MD
LG