Ссылки доступа

Мирзияевтің құдасының баласы футбол төрешілеріне қысым жасаған


Иллюстративті сурет.
Иллюстративті сурет.

Азаттықтың өзбек қызметінің дереккөзі хабарлағандай, Өзбекстан президентінің отбасына жақын кәсіпкер футбол төрешілері мен жаттықтырушыларға қысым жасаған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаровтың туған бауыры болып келетін 32 жастағы Ойбек Умаровтың «Қоқанд – 1912» футбол клубына қандай қатысы бары белгісіз.

Дереккөздің мәліметі бойынша, аталған футбол клубы өнер көрсетіп жатқанда, Ойбек Умаровтың іс-әрекеті жанкүйерлерден оқшауланып тұрған.

«Қоқанд – 1912» футбол командасы 22 мамырда Суперлига турнирінде «Бұхара» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал 26 мамырда «Қызылқұм» клубынан 0:1 есебімен есе жіберген. Ойындардан кейін Ойбек Умаров футбол жаттықтырушыларын ашықтан-ашық айыптап, қысым көрсеткен.

«Бұхара» футбол командасы өкілінің айтуынша, ойынның екінші туры кезінде төрешілер ашықтан ашық «Қоқанд – 1912» клубына жақтаса бастаған. Ойын аяқталғаннан кейін Ойбек Умаров бас төреші Акобирходжа Шукуриллаевқа айқайлап: «Мен сені жұмыстан шығарамын» деген. Бас төреші болса, үнсіз тұрған.

Кәсіби футбол лигасының президент кеңесшісі Диёр Имамхаджаев төреші Акорбирходжа Шукуруллаевтың келесі ойыннан шеттетілгенін хабарлады. Оған «Қоқанд – 1912» және «Қызылқұм» командаларының ойындары кезінде қателікке жол берді деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG