Ссылки доступа

БҰҰ Қырғызстан билігін қыз алып қашуды тоқтатуға шақырды


Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қырғызстандағы өкілдігі милиция бөлімшесінде қыз алып қашудың соңы қайғылы оқиғаға ұласқан жағдайға алаңдайды.

БҰҰ таратқан мәлімдемеде қырғыз билігін қыз алып қашуды тоқтату үшін барлық шаралар қолданып, халықаралық келісімдер мен заңдардың орындалуын талап етеді.

«Мәжбүрлі некелер адам құқықтарын бұзып отыр. Бұл қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Қыз алып қашу Қырғызстанның мәдениеті мен дәстүріне ешқандай қатысы жоқ. Бұл тек әлсіз адамдардың құқығын таптау», - деп есептейді ұйым.

БҰҰ мәліметінше, Қырғызстанда 24 жасқа дейінгі бойжеткендердің 13,8 пайызын мәжбүрлі түрде күйеуге береді. Аталған ұйым елде кеңінен етек алған заңсыз тәжірибені жою үшін Қырғызстанмен 2022 жылға дейінгі қол қойған бағдарламаның жүзеге асырылуына қолдан келгенше көмектесетінін білдірген.

27 мамырда Шу облысы Жайыл ішкі істер бөлімшесінде 20 жастағы Бурулай Турдаалы кызын алып қашқан жігіт пышақтап өлтірген.

XS
SM
MD
LG