Ссылки доступа

Грузия премьері қызметінен кетуден бас тартты


Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили

Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили Тбилисиде наразылық акциясына қатысқандардың "отставкаға кет" деген талабын орындаудан бас тартты. Бұл жөнінде ел үкіметінің реси сайтында жарияланды.

Бейсенбі күні Грузия астанасында парламент ғимараты алдында бірнеше мыңдаған адам жиналып, былтыр желтоқсан айында екі жеткіншектің өліміне қатысты қылмыстық істің жабылып қалуынан кейін, кінәлі шенеуніктердің жазаға тартылуын талап етті.

Марқұмдардың бірінің әкесі Заза Саралидзе бас прокурор қылмыскерді жасырып отыр, айғақтарды жойып жіберді деп айыптайды. Нәтижесінде сот "айыптары дәлелденбеді" деп, кісі өліміне күдіктілерді босатып жіберген.

Бастапқыда акцияға қатысушылар бас прокурор Ираклия Шотадзенің отставкасын талап етті. Нәтижесінде ол қызметінен кетті. Кейін наразылық білдірушілер Грузия үкімет басшысының қызметінен кетуін талап етті.

Жиналған халықтың алдына барған Квирикашвилиге наразы жұрт сөйлеуге мүмкіндік бермеді. Кейін ол арнайы брифинг өткізіп, тергеу ісін ІІМ басшысы Георгий Гахария жеке қадағалайды деп мәлімдеді.

200-ге тарта адам парламент жанында тігілген шатыр астында өткізді.

XS
SM
MD
LG