Ссылки доступа

Түркіменстан үш мың адамға рақымшылық жарияламақ, оның ішінде "гүленшілер" де бар


"Гүленшілерге" қатысы бар деп ұсталған бизнесмен Ресул Атагелдиев.

Түркіменстан билігі Рамазан айындағы «Гадыр гижеси» ("Қадір түні") қасиетті түні қарсаңында кезекті рет рақымшылық жарияламақ.

Азатлыктың (Азаттықтың түркімен қызметі) бір-біріне тәуелсіз екі дереккөзінің хабарлауынша, бұл жолы үш мыңға жуық адамды түрмеден босатпақ. Рақымшылыққа ілінетіндердің ішінде АҚШ-та қуғында жүрген түрік дін уағызшысы Фетхуллах Гүлен басқаратын "Хизмет" қозғалысының, яғни "гүленшілердің" мүшелері де бар екен.

Былтыр сәуір айында Ашхабадта "гүленшілерге" қатысы бар деген 18 адам барлығын қосқанда 333 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылған. Оның ішінде Түркіменстанның танымал бизнесмені Ресул Атагелдиев те бар.

Түркия билігі 2016 жылдың шілде айында елде төңкеріс жасамақ болды деп Фетхуллах Гүленді айыптайды. Осыдан кейін ресми Анкара көрші мемлекеттердің билігі арқылы Гүленнің жақтастарына қысым жасай бастады.

XS
SM
MD
LG