Ссылки доступа

Өзбекстанда медколледж студенті үйінде өлі күйіне табылған


Иллюстративті сурет.
Иллюстративті сурет.

25 мамырда Бекабад медициналық колледжде үшінші курс оқитын студент қыздың үйінде денесін тапқан. Алдын ала тергеу ісі бойынша, бойжеткен дәрілерді қантамырына жіберу арқылы суицид жасаған.

25 мамырда Бекабад медициналық колледждің (Ташкент облысы) үшінші курс студенті З.С. есімді бойжеткен өзінің үйінде өлі күйінде табылған.

Марқұмның көршісі жас қыз өзіне қол жұмсауы мүмкін дейді.

– Бұл қыздың ата-анасы дәріханада жұмыс істейді. Сол күні қыз анасының орнына дәріханада жұмыс істеген. Сосын анасы оны бір шаруамен үйіне жіберген. Бірақ қайтып келмеген қызына алаңдап, үйіне қоңырау соққан. Сол кезде болған жағдайды білген. Ол өзінің қантамырына ине салған. Қандай дәрі екенін білмейміз, бірақ адреналин салған дейді. "Жедел-жәрдем" шақырды, бірақ қыз оған дейін жан тапсырған"- дейді көршісі.

Бекабад медколледжінің директор орынбасары Мохира Бердукулова қыздың тәрбиесі жақсы болған, ынталы еді дейді.

– Ол өте тәрбиелі болды. Мүмкін үйінде келеңсіздіктер орын алған болар. Ол өзінің әкесінің дәріханасында оқу тәжірибесінен өтіп жүрді. Біз бұл жағдайды естіп, қатты таңқалдық. Сот медициналық сараптама қыз дәріден уланған деген анықтама берген, – деді ол.

XS
SM
MD
LG