Ссылки доступа

"Өзбекконцерт" әншілерге имамдармен суретке түсіп, оны жариялауға тыйым салды


"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесінің басшысы Одилжон Абдукаххаров Рамазан айы кезінде өздеріне пиар жасаумен айналысып жүр деп эстрада әншілерін сынға алды.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, "Өзбекконцерт" басшысы әншілерге ауызашар кезінде имамдармен суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге жариялауға тыйым салған.

Одилжон Абдукаххаров кейбір әртістер діни шараларды өздерінің атақ-абыройын көтеру үшін пайдаланады деп есептейді. Оның сөзінше, ислам әншілердің пиарына мұқтаж емес.

Әншілерге лицензия беретін мекеме басшысы сонымен бірге сахнаға шығып жүрген қыз-келіншектерге ашық-шашық жүрмей, ұлттық дәстүрге сай киінуді талап еткен. "Сіздер көрермен назарын алаңдатпай, таланттарыңызды шыңдауларыңыз керек", - дейді Абдукаххаров.

"Өзбекконцерт" әдетте әншілер мен әртістерге бір жылға лицензия береді. Мекеменің саханада жартылай жалаңаш киініп шыққан қыз-келіншектердің лицензиясын қайтарып алған кездері де болған.

XS
SM
MD
LG