Ссылки доступа

Ашхабад веложарысты спорт мектебі мұғалімдерінің қаржысына өткізбек


Түркіменстан, студенттер веложарыста (архив суреті)

3 маусымда Түркіменстанның спорт мемлекеттік комитеті Ашхабадтың спорт мектептерінің директорларына веложарыс өткізу үшін ақша жинауды тапсырған.

Түркіменстан президентінің биылғы сәуір айындағы жарлығына сәйкес, 3 маусым елде Велосипед күні ретінде аталып өтіледі.

"Велосипед қазір 700-900 манат (225 доллар көлемінде), спорт костюмі 150- 200 манат тұрады. Ақшаны жаттықтырушылардан жинап жатыр. Әрбір мектепке 9 велосипед алу тапсырылған. Ал спорт костюмдері 15-20 дана болу керек екен. Жыл сайын спорт костюмдерін жаңартуды талап етеді. Әрбір жаттықтырушы 500 манаттен жинауға мәжбүр", - деп хабарлайды Ашхабадтағы Азатлык тілшісі.

Түркіменстан астанасында веложарыс өткізу дәстүрге айналған. Мыңдаған адам жинайтын бұл шараға көбінде мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі қатысады.

Президент - спортсмен
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:34 0:00

XS
SM
MD
LG