Ссылки доступа

Тбилисиде төртінші күн наразылық акциясы жалғасып жатыр (видео)


Грузия парламенті жанындағы наразылық білдірушілер

Тбилисиде төртінші күн наразылық акциясы жалғасып жатыр. Оған жүздеген адам қатысып жатыр. Грузия астанасы тұрғындарының жаппай митингке шығуына себеп болған - былтыр қаза тапқан екі жеткіншектің өліміне қатысты тергеу нәтижесі.

Акцияға қатысушылар билік басында отырған шенеуніктер қылмыстық істі әдейі жапты деп есептейді. Сот күдіктілердің кінәсі дәлелденбеді деген шешім шығарған. Наразылық білдірушілер елдің бас прокуратурасы қылмыскерді жасырып отыр дейді.

Бас прокурор отставкаға кеткен. Енді жиналған халық үкіметтің тарауын талап етіп жатыр. Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили отставкаға кетуден бас тартты.

XS
SM
MD
LG