Ссылки доступа

Түркіменстан билігі тәуелсіз БАҚ-ты оқығандар қамалады деп үрей туғызып жатыр


Түркіменстан (көрнекі сурет)

Түркіменстан билігі ақпарат алу үшін тәуелсіз сайттарға кіріп, әлеуметтік желі қарайтын азаматтарды қуғындай бастаған.

Түркіменстандағы Азатлык тілшісінің хабарлауынша, сондай оқиғаның бірі Түркменабадта болған. Жергілікті тұрғынды полиция шақырып, баламалы ақпарат көздерін жиі ашып оқитыны үшін, бас бостандығыңнан айырыласың деп қорқытқан.

Түркіменстанда барлық бұқаралық ақпарат құралын мемлекет қаржыландырады.

"Кеше мені "Одноклассники" желісінде Азатлык радиосының сайтын ашып, қарағаным үшін Түркменабад қаласының полициясы тергеуге шақырды. Олар мен түрмеге отырасың деп қорқытты", - деген Азатлык тілшісіне өзін Худакулов деп бүркеншік атпен таныстырған тұрғын.

Оның айтуынша, тергеу кезінде оған мақалаға "лайк" басқандардың тізімін көрсеткен. Ол да сол мақалаға "лайк" басқандардың бірі болған.

Түркіменстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиев 2018 жылдың 7 мамырында Женевада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңестің отырысында сөз сөйлеп, "Азатлык радиосының кез келген мақалалары елде еркін оқылады, адамдар әлеуметтік желіде көшіріп басады, ол үшін ешкім қуғын көрмейді" деген.

XS
SM
MD
LG