Ссылки доступа

Душанбеде өртенген базарды бір аптада тұрғызбақ (видео)


Душанбедегі «Султони Кабир» базарының қожайыны Султон Кабиров қала билігі өртенген базарды қалпына келтіру үшін бір апта уақыт берді дейді.

2 маусымда базарды өрт шалып, 20 сауда нүктесі жарасыз болып қалған. Шығын алдын ала есеп бойынша 100 мың сомони (11 мың АҚШ доллары) болған.

​Султон Кабиров алты қабатты базар ғимаратының бірінші қабаты зардап шекті дейді. «Бүгін Душанбе қаласы әкімдігінен тексерушілер келді. Бізге сауда нүктелерін қалпына келтіру үшін бір апта уақыт берді», - дейді ол. Оның сөзінше, өрт сөндірушілер мен құқық қорғау органдары өкілдері базарды дер кезінде сөндірген.

Астана әкімдігі 3 маусымда өрттің себебін анықтау үшін оперативті-тергеу тобы құрылғанын хабарлады. «Султони Кабир» базары саудагерінің бірі жергілікті биліктің өздеріне көмектесеміз деп уәде бергені қуантады дейді.

Душанбедегі ірі базарлардың бірі «Султони Кабир» 2 маусымда кешкісін өртке оранған. 1230 шаршы алаңы өртеніп кеткен, адам құрбаны жоқ. Өрт себебі әзірге белгісіз, болжамдардың бірі - ыстық күнде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы.

В Душанбе горит рынок "Султони Кабир"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00

XS
SM
MD
LG