Ссылки доступа

Гватемалада жанартау атқылап, ондаған адам қаза тапқан


Фуэго жанартауы атылауынан зардап шеккен адамды алып бара жатыр. Гватемала, 3 маусым 2018 жыл.
Фуэго жанартауы атылауынан зардап шеккен адамды алып бара жатыр. Гватемала, 3 маусым 2018 жыл.

Гватемалада Фуэго жанартау атқылап, кем дегенде 25 адам қаза тапты. BBC-дің хабарлауынша, жанартау атқылауынан 300-ге тарта адам жараланып, екі мыңнан астам адам эвакуацияланған.

Жергілікті билік жанартау әлі атқылап жатқандықтан құрбандар саны артуы мүмкін деп ескертеді. Reuters-тің Гватемала төтенше жағдайлар агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, жанартаудан шыққан лава бір елді мекенді басып, адамдарды күйдірген.

Төтенше оқиға салдарынан Ла-Аурора халықаралық әуежайының жалғыз ұшу-қону алаңы жабылған. Елде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Ұлттық жанартаутану, сейсмология және метеорология институты мамандарының есебінше, жанартау теңіз деңгейінен 10 километр биіктікке дейін отты ыстық күл атқылайды. Фуэго жанартауы ел астанасынан 40 километр қашықтықта тұр. Жанартау 1974 жылдан бері мұндай қатты атқыламаған.

XS
SM
MD
LG