Ссылки доступа

Бішкекте сауда орталығында заңсыз ойын клубын анықтаған (видео)


Бішкектегі Ош базары жанындағы «Фрунзе+» сауда орталығынан заңсыз ойын клубын анықтаған.

Экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің хабарлауынша, Токтогул мен Бейшеналиев көшелерінің қиылысындағы сауда орталығынан заңсыз құмар ойындарының клубын тапқан.

Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 259-1 бабы бойынша (құмар ойындарын ашу, ұйымдастыру немесе лотерея құрылғыларын орнату) іс қозғалып, ғимаратқа тінту жүргізілген. Тінту кезінде ғимаратта 20 адам болған.

2017 жылдың мамыр айында экс-президент Алмазбек Атамбаев Қырғызстанда ұлттық ойыннан басқа кез келген лотерея ойындарының түрлеріне тыйым салу жөніндегі заңға қол қойған. Осылайша Қырғызстан лотереялық ойындарды монополияға айналдырған. Кәсіпкерлер болса мұны билік бизнеске кедергі келтіріп отыр деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG