Ссылки доступа

Тәжікстанда табиғат апаты 2 млн доллардан астам шығын әкелген (видео)


Тәжікстанның оңтүстігінде нөсер жаңбырдан болған сел тасқынының шығыны 2 млн долларды құраған. Ресми мәлімет бойынша үш адам қаза тапқан.

Хатлон облысы әкімшілігінің қызметкері Фаридун Давлатов 4 маусымда табиғат апатынан болған шығынның көлемін есептеу жөніндегі арнайы комиссия жұмысын аяқтады деп мәлімдеді.

«16-21 мамыр аралығында жүрген сел тасқыны облыстың төрт ауданын шайып, 19,5 млн сомони (2 млн $) шығынға батырды. Бәрінен бұрын Пяндж және Фархор ауданына үлкен залал келді. Қазір арнайы қызметтер мен жергілікті билік зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр», - деді ол.

Тәжікстан үкіметі жанындағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі комитет Фархор және Пяндж аудандарында 30 үйді, көлік жолдарын, егінді жерлер мен бақшаларды су шайып кетті деп мәлімдеді. Сурхоб ауылында сел жүріп жатқан кезде, 25 жастағы жергілікті тұрғын Хол Кулмуродов қаза тапқан.

Селевой поток обрушился на село Бустон Вахшского района
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

Ал Пяндж ауданында ресми мәлімет бойынша екі бала көз жұмған. Бірақ жергілікті тұрғындар қышлақта сел құрбандарының саны кемінде алты адам дейді. Қышлақ тұрғыны Ходжи Курбон су астында қалған үш адамның денесі табылғанын, қазіргі кезде із-түссіз жоғалып кеткен тағы үш адамды іздеп жатқанын айтады. Оның сөзінше, табиғат апаты кешкісін, бәрі үйінде болған кезде орын алған.

Бірнеше күннен бері толассыз жауған қатты нөсер сел жүруіне әкелген.

XS
SM
MD
LG