Ссылки доступа

Өзбекстанда тұзды боранның салдарын отандық дәрімен жойып жатыр (видео)


Өзбекстан инновациялық даму министрлігінің сарапшылары Хорезм облысында, 2 маусым 2018 жыл.
Өзбекстан инновациялық даму министрлігінің сарапшылары Хорезм облысында, 2 маусым 2018 жыл.

Өзбекстанда өткен аптада боран садарынан Арал теңізінің тұзы басқан Хорезм облысына елдің инновациялық даму министрлігінің сарапшылары барды.

Ханкин ауданы фермерлерімен кездескен министрлік мамандары тұз басқан егістікті құтқаруы мүмкін деп отандық өнім «Биосолвент» пен «ДАГ-1» дәрілерін ұсынған.

«Бұл дәрілерді жергілікті өзбек ғалымдары шығарған. «Биосолвент» препаратын аз ғана сумен араластырып сепсе, топырақты зиянды иондардан, сонымен бірге еруі қиын, улы тұздардан да тазалайды. Ал «ДАГ-1» препараты биологиялық белсенді зат. Ол өсімдіктердің иммундық қорғанысын күшейтеді», ​– делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сарапшылар трактордың көмегімен екі гектар жерге аталған дәрілерді сепкен. Сосын олар тұздан өліп қалған өсімдіктердің топырағын зерттеуге алған.

Өткен аптада тұзды дауыл Қарақалпақстан мен Хорезм облысы тұрғындарын әбігерге салды. Бұл егістікке ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен зиянын тигізді. Жергілікті диқандардың айтуынша, жеміс-жидек, көкөністер піспей, кеуіп қалып жатыр.

Бахчевые культуры после соляной бури в Узбекистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:24 0:00

XS
SM
MD
LG