Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында төбелес болған (видео)


Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданында қырғыз және тәжік шекарашылары арасында төбелес болған.

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің ақпараты бойынша, Баткеннің Лейлек ауданындағы "Футбол алаңында" кикілжің болған. 4 маусымда кешкі 17.00 шамасында Қырғызстан азаматтары сол жерде жеміс-жидек сатқан.

«Тәжік шекарашылары оларды учаскеден қуған. Бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, саудагерлер қырғыз жерінда сауда жасаған. Бұл жерге қырғыз шекарашылары мен құқық қорғау органдары өкілдері келген кезде, төбелес басталды. Атыстың дауысы естілді. Үш тәжік сарбазы ұсталды», - делінген мекеме таратқан хабарламада.

Тәжікстан шекара қызметі бұл оқиғаға әзірге түсінік бермейді.

Соғды облысы басшысы орынбасары, үкіметаралық шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі комиссия мүшесі Рустам Рахматзода оқиға болған жерге барғанын хабарлады.

Оның сөзінше, тәжік шекарашылары Тәжікстан аумағына екі қырғыз саудагерін жібермегені үшін кикілжің болған. Біраз уақыт өткеннен кейін оқиға орнына 20 шақты қырғыз азаматы келіп, кикілжіңді өршітіп, төбелеске айналдырып жіберген. Келген адамдар үш тәжік азаматын Калашников автоматымен алып кеткен.

Қазіргі уақытта оқиғаны екі елдің аудандық прокуратуры тексеріп жатыр, жағдай тынышталды деді Рустам Рахматзода.

Кейін белгілі болғандай, қырғыз шекарашылары Тәжікстанға үш азаматты қайтарған.

XS
SM
MD
LG