Ссылки доступа

Самарқанда заңсыз алтын шығарушылар учаскелік инспекторды ұрып кеткен


Өзбекстанның Навои облысы «Нұрота» қасиетті жері

Самарқан облысы Пахтачи ауданында «Каракутан» алтын өндіру комбинатында бір топ адамның алтын ұрлап жатқан жерінен үстерінен түскен учаскелік инспектор соққыға жығылған.

Оқиға 31 мамырда Пахтачи ауданының «Тома» махалласында болған. Аймақтың инспекторы Сардор Маматкулов электр энергиясын заңсыз пайдаланғандарды анықтау үшін үй-үйді аралап жүрген кезде соққыға жығылған.

​"Тексеру кезінде жеке үйлердің бірі есігін ашпай қойған. Біз олардың электр диірмені арқылы алтынды майдалап жатқанын көрдік. Олар бізді байқап қалған кезде, темірмен мені қойып қалды да, өздері қашып кетті, ​– дейді инспектор Сардор Маматкулов.

Бұл оқиғаға Пахтачи ауданы ішкі істер департаменті тергеу амалдары жүріп жатыр деп түсінік беруден бас тартты.

"Тома" тұрғыны Акбаржон Шомуродов ауылда жұмыссыздық деңгейі жоғары, сол себептен адамдар заңсыз әрекетке баруға мәжбүр болады дейді.

"Жергілікті тұрғынның тоқсан пайызы осында әрекет жасайды. Бәрінің үйінде алтынды майдалайтын диірмен бар. Олар бір грамм алтынды 45 долларға сатады. Мұны жергілікті билік те, милиция қызметкерлері де біледі, – дейді ол.

«Каракутан» алтын кені арнайы күш құрылымдарымен қорғалады. Бірақ соған қарамастан, заңсыз алтын өндірушілер кенге кіріп, алтын ұрлаудың жолын табады.

XS
SM
MD
LG