Ссылки доступа

Өзбекстан мұсылмандары пітір садақа мен зекетті интернет арқылы төлей алады


Click компаниясы «Вакф» қоғамдық қайырымдылық қорымен бірлесіп мұсылмандар үшін міндетті және ықтияр төлемдерін интернет арқылы төлеуге болатынын жариялады. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

Оған сәйкес, өзбекстандық мұсылмандар қалаған уақытында пітір-садақа, зекет және басқа да ықтиярлы және міндетті төлемдерді жүргізе алады.

«Вакф» қайырымдылық қоры әділет министрлігінен биыл мамыр айында тіркеуден өткен. Қордың басты мақсаты – мешіттерді, зиярат ететін орындарын және басқа нысандарды материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Исламда қайырымдылық жасау төртке бөлінеді. Біріншісі – мұқтаж жандарға қайыр-садақа беру, екіншісі – міндетті түрде зекет төлеу, үшіншісі – мұқтаждарға үстеме пайызсыз несие беру, соңғысы –«вакф»– қолданбаған мал-мүлкін қайырымдылыққа жұмсау.

XS
SM
MD
LG