Ссылки доступа

Қытайдағы қазақтар мәселесі Еуропарламентке жетті (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- AzatNews 05.06.2018. Бозымбаевтың және орынбасары ұсталды. Қытайдағы қазақтар мәселесі Еуропарламентке жетті. Ақтөбе маңындағы обадан көне бұйымдар табылды. (видео)

- Белсенді Құрылтайдың әрекетсіздігін сынайды. Германияда тұратын этникалық қазақ белсенді Өмірхан Алтын Азаттыққа берген сұхбатында "Шыңжаңдағы жаппай қамау мен қысым" мәселесін Еуропарламентте қалай көтергенін айтты. (видео)

- Ауыз суға зәру алыс ауыл. Ауыз суды үш жарым шақырымнан тасып ішетін Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының елу шақты ғана адамы бар Қауық тұрғындары жергілікті биліктің уәдесінен жалыққандарын айтады. Ал аудандық әкімдік тұрғыны елуге жетпейтін ауыл көшірілуге тиіс дейді. (видео)

- Гватемалада жанартау атқылаған кезде адамдар қайтыс болған. (видео Настоящее время)

- Азия: құпияланған заң жобасы. Қазақстан билігі жаңа заң жобасы арқылы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қиындатпақ. Әзірге жоба мәтінін қоғамнан жасырып отыр. Қырғызстанда мүгедек балалары бар аналар 10 жылдан бері мемлекеттік көмекке зәру. (видео Настоящее время)​

- Арал теңізі маңында көптен күткен жаңбыр жауды. (видео / Өзбекстан)

- Менингиттен қалай сақтанып жүрсіз? Алматы көшелерінде маска кигендердің қарасы көбейген. Азаттық тілшісі тұрғындардан «менингиттен қорғану үшін не істеп жатырсыз?» деп сұраған еді. (сауалнама)

- Ұлыбританиядағы антикоррупциялық заң Максим Бакиевтің мүлкіне әсер ете ме? Ұлыбританияда күмәнді жолмен алынған жылжымайтын мүліктерді зерттеу жөнінде заң қабылданды. Бұл заң Қырғызстанның экс- президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевтің зәулім сарайына әсер етеді ме? (видео /Қырғызстан)

- "Біз СССР-да тұрмаймыз!" Тәжік жастары шетелге тек рұқсатпен шығатындарына наразы. (видео Настоящее время)

- 14 баланы тәрбиелеп әрі миллионер болған әйел. (видео Директ)

- The Spirit of Tengri фестивалі. Алматыда The Spirit of Tengri музыкалық фестивалі алтыншы рет өтті. (фотокөрме)

- Теннисші Путинцева - ширек финалда. Осы күндері Парижде (Франция) теннистен Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Roland Garros турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бұл жарыстың ширек финалына шықты. (фотокөрме)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG