Ссылки доступа

Түркіменстанда қариялар зейнетақыны уақытында ала алмай жүр


Түркіменстанда жастары 70-тен төмен зейнеткерлердің зейнетақысы төлем карталарымен беріле бастағаннан бері ақшаны банкоматтан қолма-қол алуда қиындықтар туып жатыр.

«Ай басынан бері банк алдында зейнетақыларын ала алмай жүрген мен сияқты қарт кісілер көбейіп кетті. Олар да өткен айда төлем карталарына ақша түспегенін айтады. Банк қызметкерлері зейнеткерлерге "күтіңдер" деген сөзбен басқа ештеңе айтпайды», - дейді Ашхабад зейнеткерінің бірі.

Енді бір зейнеткерлер картаға түскен ақшаның өзін ала-алмай жүр. Себебі банкоматтарда ақша жоқ.

«Үкімет бізбен "лас" ойын ойнап жатыр. 40 градус ыстықта біз банкоматтарға жүгіреміз деп шаршадық. Көбінде ақша жоқ. Олар қандай мақсатпен карта енгізді, үкімет бізді аштан өлсін деді ме екен?», - дейді жасы 60-тағы әйел.

Түркімен билігі төлем карталарына байланысты әлі де түсініктеме берген емес.

XS
SM
MD
LG