Ссылки доступа

Тәжікстанның таулы аймақтарында Home stay енгізіліп жатыр


Тәжікстанның таулы ауылдың тұрғындары өздерінің үйлерін home stay-ға айналдырып жатыр. Мұндай үйлерде тұру шетелдік туристер үшін тәулігіне 10-20 долларға шығындалады.

Home stay – бұл үй қожайындарымен бірге тұру. Үй иелерінің кім болуы маңызды емес. Тек қонақжайлылық талап етіледі. Home stay күнделікті дәстүрге сай, алдымен келген қонақтарды жергілікті жердің ұлттық тағамымен және өздері пісірген нанды ұсынады.

Тәжікстанның туристік компаниялары Раш, Хатлон және Зеравшан жазығында home stay енгізген.

Субхиддин Маликовтің үйі Айнин ауданындағы Маргеб елді мекеніндегі туристер көп шоғырланатын жерде орналасқан.

​«Шетелдіктер осыған дейін де бізде қонақ болған. Бірақ біз ол кезде ақша алмадық. Жыл басында туристік компаниялар бізге үйімізді home stay-ге айналдыруын сұрады", - дейді Субхиддин. Оның сөзінше, енді әрбір отбасы аптасына 10 -15 шетелдік қонақтарға құрмет көрсетеді.

Үкімет жанындағы туризмді дамыту комитетінің қоғаммен байланыс маманы Мохлико Шарифзода қазіргі уақытта БҰҰ-ның даму бағдарламасының көмегімен бес туристік компания таулы өңірде home stay жүйесін енгізуді қолға алып жатыр дейді.

Мургаб ауданының тұрғыны Абдулхамид Боронов киіз үйді home stay-ге айналдырды. Ол шетелдік туристерге киіз үй қатты ұнайды дейді.

Ресми мәліметке қарағанда Тәжікстанның таулы аймақтарында жүзден астам тұрғын жеке үйін home stay-ге айналдырған.

XS
SM
MD
LG