Ссылки доступа

Ташкентте биометрикалық төлқұжатты беру жүйесін тездетеді


Ташкент ішкі істер бас басқармасы (ІІББ) миграция және азаматтарды тіркеу басқармасы бұдан былай жексенбі күні де істей береді.

ІІББ баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 шілдеден бастап биометрикалық мәліметтері жоқ төлқұжаттар жарамсыз деп табылады. Төлқұжатын ауыстырмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондықтан миграция және азаматтарды тіркеу басқармасы жексенбі күні де жұмыс істеуге көшті.

Ташкент ІІББ таратқан мәлімет бойынша, мамыр айында орталық қалада азаматтарға 1,78 миллион биометрикалық төлқұжат берілген.

Өзбекстан жаңа биометрикалық мәліметтері қамтылған құжатты беруді 2011 жылы бастаған. Азаматтар төлқұжатын 2015 жылға дейін алмастырып бітуі керек болған. Бірақ төлқұжатты жаңарту мерзімін тағы екі жарым жылға ұзартты.

XS
SM
MD
LG