Ссылки доступа

Amnesty International: коалиция Ракка тұрғындарының өлімі үшін кінәлі


Былтыр жазда Сирияның Ракка қаласын "Ислам мемлекеті" террористік ұйымынан босату жүздеген бейбіт тұрғынның өліміне алып келді. Осылай деп Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының жаңа баяндамасында айтылған.

Amnesty International АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияның соққысынан аудан тұрғындары қоршауда қалып қойған. Қаланың инфрақұрылымы, үйлері қираған. Соған қарамастан әскерилер ИМ өкілдерін қаладан жазасыз шығып кетуіне рұқсат берді деп айтылады баяндамада.

Құқық қорғаушылардың ақпараты бойынша, Раккаға шабуылдың 90 пайызын америкалық әскер жасаған. Қалған бөлігіне Ұлыбритания мен Франция жауап берген. Коалиция шабуылдары пропорционалды болмаған.

Amnesty International коалиция әрекетіне қатысты ешқандай зерттеу жүргізіліп жатпағанын айтып, оларға қарсы бейбіт тұрғындарды өлтірді және халықаралық құқықтарды бұзды деп іс қозғауға шақырады. Сонымен бірге зардап шеккен Ракка тұрғындарына өтемақы төлеу керек деп есептейді.

Баяндама әзірлеушілер Раккаға биыл ақпан айында барған. Олар бомбадан соққы көрген 42 ауданға барып, жүзден астам куәгерлер мен тірі қалған сарбаздардан сұқбат алған. Ұйым спутниктік суреттерге де талдау жасаған.

"Ислам мемлекеті" террористік ұйымы 2013 жылы Ракканы басып алған. Жиһадшыларға қарсы күресті халықаралық коалиция 2017 жылдың ортасында бастады. Күзге қарай қала толықтай азат етілген. ИМ мүшелерін қосқанда төрт мыңға жуық содырды отбасымен бірге қаладан шығып кетуіне рұқсат берген. БҰҰ мәліметінше, әскери операция кезінде қаланың 80 пайызы қираған.

Коалиция 2014 жылдан бері Сирияда радикалды исламшыларға қарсы күресіп келеді. Ресейдің Сириядағы әскери кампаниясы 2015 жылдың күзінде басталды. Коалиция Мәскеуді Сирия президенті Башар Асад режимін қолдап отыр деп бірнеше рет айыптаған. Батыс елдері Башар Асад елінде адам құқықтарын жаппай бұзып отыр деп санайды.

XS
SM
MD
LG