Ссылки доступа

Өзбекстанда нашар оқыған студенттер үшін оқытушыларды жұмыстан босатуы мүмкін


Өзбекстанның жоғары оқу орындарында оқытушылар мен профессорлар қызметіне берілетін баға студенттердің оқу үлгеріміне байланысты болады. Бұл елдегі білім деңгейін көтеруге байланысты президент қаулысында көрсетілген.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің жоғары оқу орындарында білім берудің сапасын көтеру үшін қосымша шараларды бастау жөнінде қол қойған қаулысы 2019 жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асуы тиіс.

Құжатқа сәйкес, тиісті қағидаларға жауап бермеген оқытушылар мен профессорлар жұмыстан босатылады.

XS
SM
MD
LG