Ссылки доступа

ФИДЕ президенті Өзбекстанды шахматтың отаны деп жариялауды ұсынды


Халықаралық шахмат федерациясының президенті (ФИДЕ) Кирсан Илюмжинов Өзбекстанды ресми түрде шахматтың отаны деп жариялауды ұсынды. Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында Илюмжинов шахматтың отаны Пәкістан, Үндістан немесе Иран емес, Өзбекстан деп мәлімдеген.

Илюмжинов ғылыми дерекке сүйенгенімен, дәлел болатын айғақ келтірмеді. Ол 2013 жылы жасаған баяндамасында "шахматтың отаны Үндістан" деген.

Илюмжиновтың жаңа мәлімдемесі Халықаралық шахмат федерациясы оның отставкасын талап етіп жатқан кезде жария болды. АҚШ қаржы министрлігінің Илюмжиновқа салған санкциясына байланысты ФИДЕ қазір қаржылай қиындықтар көріп жатыр. Илюмжиновтың отставкасы Минскіде

7-8 сәуірде көтерілген.

Кирсан Илюмжинов 1995 жылдан бері ФИДЕ президенті. 2015 жылы АҚШ оған қарсы санкция салғаннан кейін, президенттік қызметіне шектеу қойылған.

Көптеген тарихшылар үшін қазір шахматтың отаны дебат нысаны емес. Ағылшын тарихшысы Г.Я.Р. Мюррей 2013 жылы шахмат алтыншы ғасырда Үндістанда пайда болғандығы жөнінде дәлел келтірген. Өзге тарихшы Мэрилин Ялом Мюррейдің шешіміне келіседі, ол санскрит тілінде шахматты «чатуранга» деп атағанын айтады.

Ол б.з. 600 жылдары көне парсы тілінде жазылған поэзияда шахмат ойыны жайында айтылғанын мысалға келтірген.

XS
SM
MD
LG