Ссылки доступа

Стамбұлда «көлеңкелі банкирлер» түркіменнің VISA картасынан ақша шығарып беруді ұсынады


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Стамбұлда Түркіменстан банктері берген VISA картасынан ақша шығарып беруді ұсынатын адамдар пайда болған. Олар түркімен мигранттарына 16 пайыз комиссиямен карталарындағы ақшаны шығарып береміз дейді.

Әдетте Стамбұлдың «Deniz otel» қонақ үйі алдында тұратын "көлеңкелі банкирлер" түркімен банктерімен астыртын жұмыс істейді деген болжам бар.

Азатлык радиосының хабарлауынша, аталған "банкирлер" түркімен еңбек мигранттарының төлем карталарынан еш кедергісіз ақша ала алады.

«Олар маған түркімен банктері берген картадан қалаған ақшаны алып береміз деді. Әрбір 50 доллар үшін 8 доллар (16 пайыз - ред.) ұстап қалады екен»,- дейді Арслан есімді түркіменстандық мигрант.

Түркіменстанда VISA карталарынан қолма-қол ақша алуға билік шектеу қойған.

XS
SM
MD
LG