Ссылки доступа

Өзбек студентінің өліміне кінәлі бостандықта жүр


Иллюстративті сурет.
Иллюстративті сурет.

Өзбекстанда Наманган облысы Туракурган ауданындағы Шаханд агроэкономикалық колледж студенті болған 19 жастағы Абдугаффар Алижановтың өліміне негізгі себепкер бостандықта жүр. Осылай деп марқұмның туыстары мәлімдеді.

Абдугаффар Алижановты 1 маусымда курстастары колледж ғимараты аумағында тепкілеп өлтірген.

Аты-жөнін айтудан бас тартқан Туракурган ауданы ішкі істер бөлімшесінің қызметкері Абдугаффар Алижановтың өліміне байланысты бес адамның ұсталғанын айтты. 17 және 18 жастағы ер азаматтарға қарсы қылмыстық іс қозғалған. Бірақ Алижанов өліміне басты кінәліні босатып жіберген.

"Шаханд агроэкономикалық колледждің 2-курс студенті А. кикілжіңнің шығуына негізгі себепкер болған адам. Ол Абдугаффарды бірінші болып ұрды. Ол қазір бостандықта, өйткені әкесі облыста ықпалды адам. Оған қарсы ешқандай қылмыстық іс қозғалмады," – дейді сұқбат беруші.

Марқұмның әкесі Өзбекстан президентіне хат жазып, істі басқа облысқа не ауданға жіберуін өтінген.

"Бұл топта ондаған жеткіншек бар. Мен ұлымды қалай өлтіргенін көзімен көрген куәгермен сөйлестім. Үш-төртеуі ұлымды тепкілеген. Ал қалғандары ешкім көрмесін деп айнала қоршап тұрған. Бұл ұйымдасқан қылмыс емей немене? Соған қарамастан басты кінәлі бостандықта жүр. Тергеушілердің әділетсіздігіне төзе алмаймын", – дейді Абдугаффар Алижановтың әкесі Тахир Алижанов.

XS
SM
MD
LG