Ссылки доступа

Стокгольм соты Акиловқа қатысты үкім шығарады


Рахмат Акилов

40 жастағы Рахмат Акилов Швеция астанасындағы теракт бойынша жалғыз күдікті ретінде сотталып жатыр. Акилов кінәсін мойындап, осы әрекеті арқылы ол Швецияның "Ислам мемлекетіне" қарсы соғысын доғарғысы келгенін айтқан.

Швед соты 7 маусымда Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов ісі бойынша үкім шығарады. Ол өткен жылы Стокгольмнің орталық ауданында бірнеше адамды жүк көлігімен қағып кетті, тағы он адам жараланған.

Үш айға созылған істе жүзден астам адам куәлік еткен. Сот тыңдаулары кезінде мұнда қауіпсіздік күшейтілді.

Айыптау Акиловты терроризмге кінәлі деп тауып, өмірлік түрме жазасына кесуін сұраған. Күдіктінің қорғаушысы болса жеңіл жаза белгілеуін өтінген.

XS
SM
MD
LG