Ссылки доступа

Самарқан облысында 226 адам экстремизмге күдікті ретінде іздестіріледі


Өзбекстанда үгіт-насихат жұмыстары нәтижесінде іздеуде жүрген 15 адам еліне қайтып оралды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазіргі таңда тағы 226 адам діни экстремизм үшін іздестіріліп жатыр.

Бұған дейін құққорғау органдары жасаған "қара тізімнен" Самарқан облысының 1623 тұрғыны шығарылған .

Аймақта жыл басынан бері он екі адам терроризм үшін айыпты деп танылды.

"Олардың сегізі шетелдегі экстремистік ұйымдарға қосылған, қалған төртеуі діни фундаментализмін наисхаттаған", – делінген жергілікті ақпарат құралдары таратқан мәлімдемеюде.

XS
SM
MD
LG