Ссылки доступа

Швецияда Өзбекстан азаматы өмір бойы бас бостандығынан айырылды (видео)


Рахмат Акилов
Рахмат Акилов

Швеция соты теракт жасап бес адамды өлтірді және 15 адамды жаралады деген айыппен Өзбекстан азаматы Рахмат Акиловты өмір бойы түрме жазасына кесті. Акилов 2017 жылдың сәуірінде Стокгольм орталығында жүк көлігімен жаяу адамдарды басып өткен болатын.

Акилов осыған дейінгі сот отырысы кезінде өзіне тағылған айыпты жартылай мойындап, терактіні "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы лидерлерінің бірінің талабы бойынша жасағанын айтқан.

40 жастағы Рахмат Акилов былтыр 7 сәуірде бөтен кісінің жүк көлігін айдап әкетіп, Стокгольмнің орталығында топ кісіні соғып өтіп, одан сауда үйіне соғылып өртенген. Шабуылдан бес адам қаза тауып, 15 адам жараланған.

Акиловтың адвокаты Йохан Эриксон ол теракт жасау арқылы Швеция үкіметін "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымына қарсы халықаралық коалициядан шығаруды көздегенін айтқан.

XS
SM
MD
LG