Ссылки доступа

БАҚ: Eurovision ұйымдастырушылары Иерусалимде концерт болғанын қаламайды


Eurovision халықаралық ән байқауының ұйымдастырушылары Иерусалимде концерт өткізгенін қаламайды деп жазады "Хааретц" израильдік газеті. Басылым дереккөзінің мәліметінше, Еуропалық хабар тарату одағы саяси рең алған даулы аймақта концерт өткізу қауіпті деген.

Палестиндіктер Шығыс Иерусалимнің өз елінің астанасы болғанын қалайды. Израиль де Иерусалимді өздерінің астанасы деп санайды. Еуропалық одақ израильдіктер мен палестиндіктер арасындағы дауды шешудің ортақ жолы - Иерусалимді екі елдің астанасы ретінде жариялау деп бірнеше мәрте мәлімдеген.

14 мамырда Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылды. Бұл - Вашингтонның қаланы Израиль астанасы ретінде мойындағанын білдіреді. АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімі палестиндіктер мен әлемнің бірқатар елдері лидерлерінің ашу-ызасын туғызды.

Евровидение-2019 халықаралық байқауын Израильде өткізу құқығы мамыр айында Лиссабонда израильдік әнші Нетта жеңіп алғаннан кейін белгілі болған.

XS
SM
MD
LG