Ссылки доступа

Түркіменстан миграциялық заңды бұзғандарға рақымшылық жасамақ


Түркіменстан азаматтарының биометрикалық төлқұжаты (көрнекі сурет)
Түркіменстан азаматтарының биометрикалық төлқұжаты (көрнекі сурет)

Түркіменстан үкіметі миграциялық заңды бұзған азаматтарына рақымшылық жасау жөніндегі мәселені қарап жатыр. Бұл шетелде жүріп, уақытында биометрикалық төлқұжат ала алмаған түркімен азаматтарына қатысты болмақ.

Азатлык дереккөзі хабарлағандай, егер шетелде жүрген еңбек мигранттары өз еріктерімен еліне оралатын болса, оларды жауапкершіліктен толықтай босатпақ.

2013 жылы жаңартылған төлқұжат Түркіменстан азаматтарының шетелге барып-келуінде пайдаланатын жалғыз құжаты.

Жаңа төлқұжат енгізген кезде, шетелде жұмыс істеп жүрген түркімендер дер кезінде құжат ала алмаған. Себебі олар елге барған кезде, өздерін ұстайды деп қауіптенген.

Енді түркімен үкіметінде қаралып жатқан рақымшылық мәселесі еңбек миграциясымен бірнеше жыл шетелде жүрген азаматтарды елге қайтып, туыстарымен қауышуына мүмкіндік бермек.

XS
SM
MD
LG