Ссылки доступа

Тәжікстанда генералдың ұлы әйелін өлтірді деп қамауға алынған


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Жоғары экономикалық соттың бұрынғы хатшысы Бободжон Шириновтің бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді.

Қанды оқиға 6 маусым кешкісін астананың Сино ауданында болған. «Кешкісін сағат 22.40 шамасында қалалық ауруханаға 33 жастағы Мохира Ятимова қансыраған күйінде түсті, бірақ алған жарақатынан жан тапсырған».

Тәжікстан құқық қорғау органдарындағы дереккөз Бободжон Ширинов әкесінің талабымен жергілікті милиция бөлімшесіне барып, ұрыс кезінде бұрынғы әйелі Мохира Ятимоваға ауыр дене жарақатын салғанын мойындаған.

Бободжон Ширинов – Тәжікстанның қаржылық бақылау және коррупциямен күрес жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасының бұрынғы орынбасарының ұлы. 2015 жылдың ақпан айында президент Эмомали Рахмон Қауіпсіздік кеңесінің отырысында аталған мекемені сынаған. Осыдан кейін генерал Раджабали Ширинов қызметінен айырылған.

ІТР ІІМ дереккөзі Бободжон Ширинов пен Мохира Ятимова екі жыл бұрын айырылысқанын айтады. «Бұрынғы әйелімен дүние мүлкі және балалары үшін үнемі жанжал болатын. 6 маусымда кезекті рет сөз ұрсып қалғанда Бободжон Ширинов бұрынғы әйеліне пышақ сұғып, қашып кеткен» деді дереккөз.

XS
SM
MD
LG