Ссылки доступа

Трамп: Ким Чен Ынмен кездесуге барлығы дайын


Плакат с изображениями Дональда Трампа и Ким Чен Ына в Сингапуре
Плакат с изображениями Дональда Трампа и Ким Чен Ына в Сингапуре

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуіне дайындық аяқталып қалғанын және 12 маусымда Сингапурдағы саммитке барлығы дайын екенін мәлімдеді.

Трамп бұл туралы Вашингтонда Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен келіссөзінде айтты. Оның сөзінше, Солтүстік Корея басшысымен саммит Солтүстік-Шығыс Азия тарихындағы жаңа, "бетбұрыс кезеңі" болады және Солтүстік Кореяның болашағын жарқын етеді.

АҚШ президенті сонымен қатар егер келіссөз жақсы өтетін болса Ким Чен Ынды АҚШ-қа сапарлап қайтуға шақыратынын да айтты. Ол егер келіссөз күткендегідей болмаса, кездесуді ортадан үзетінін де ескертті.

Мамырдың соңында Трамп Ким Чен Ынмен бірінші рет өтейін деп отырған кездесуден бас тартатынын жариялаған еді. Ұзамай Солтүстік Корея басшысы АҚШ президентіне хат жазып, Трамп ойын өзгерткен және саммитке дайындық қайта басталған.

Саммиттің басты мәселесі - Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы болмақ. Вашингтон Пхеньяннан ядролық қаруынан ешқандай шартсыз бас тартуын талап етіп отыр. Ким Чен Ын Корей түбегін ядролық қарудан арылту біртіндеп жүргізілуі тиіс және есесіне АҚШ тарапынан жеңілдіктер жасалуы керек дегенінен танбайды.

XS
SM
MD
LG