Ссылки доступа

Қырғызстан Өзбекстанға электр қуатын экспорттай береді


Бішкек пен Ташкент жазда Қырғызстаннан Өзбекстанға электр қуатын жеткізу туралы келісімге отырды. Бұл туралы "Электр станциялары" ААҚ хабарлады.

Биыл электр экспорты 8 масуымда басталып, тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында 500 млн киловатт-сағат жеткізіледі. Электр қуатының бір киловатт-сағаты 2 центтен сатылады.

"Электр станциялары" компаниясының хабарлауынша, Токтогул су қоймасындағы су биыл электр қуатын экспорттауға мүмкіндік береді.

Тәулікте тасымалданатын электр қуатының көлемі техникалық мүмкіндіктер мен су қоймасындағы су көлеміне байланысты болады.

2017 жылы жазда Қырғызстан 1142 млн киловат-сағат электр қуатын тасымалдады.

XS
SM
MD
LG