Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғындарын садақаны махалла басшылары мен имамдарға береді


Тәжікстан тұрғындары Рамазан айында пітір-садақаларын махалла төрағаларына немесе имамдарға бере алады.

​Соғды облысының тұрғыны Мирзорахим Козиевтің айтуынша, махалла төрағасы мен үйлерді аралап, пітір-садақа сұраған. Мешіттегі имамдар да садақаны махалла басшыларына беруге болатынын айтқан.

"Жақында мен пітірді жетім асырап отырған үйге бердім. Бұл әркімнің өз шаруасы", - деп есептейді Козиев.

Дін істері жөніндегі комитет өкілінің айтуынша, махалла төрағалары кімдердің ақшаға зәру екенін жақсы білетіндіктен, осындай шешім қабылданған.

Имамдар болса жағдайы нашарлардың тізімі дайындалғанын, жиналған ақша соларға бөліп берілетінін айтып отыр.

XS
SM
MD
LG