Ссылки доступа

Душанбедегі "Султони Кабир" базарында 400 мың доллардың тауары жанып кетті


Тәжікстан билігі 2 маусымда "Султони Кабир" базарында шыққан өрттің зардабын есептеп шықты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, тілсіз жаудан 3.5 млн сомони шығын келген.

Өрт электр қуатының тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Тексеру жүріп жатыр.

2 маусымда кешкісін шыққан өрттен бірнеше қойма мен 21 сауда нүктесі жанып кетті. Базар басшылығы саудагерлер шығынының бір бөлігін төлеуге уәде берді.

Бұл базарда 1700 кәсіпкер жұмыс істейді.

Пожар на "Султони Кабир"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00

XS
SM
MD
LG