Ссылки доступа

Қырғыз түрмесіндегілер аштық жариялады


Қырғызстанның Шу оьлысы Молдовановка ауылында орналасқан №27 түзеу колониясында 59 жазасын өтеуші 5 маусымда аштық жариялады. Бұл туралы Жазаның атқарылуы мемлекеттік қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметі бойынша, жазасын өтеушілер камера есіктерін ашық қалдыру туралы талапқа қарсы шығып, тамақтан бас тартқан. Он адам еріндерін тігіп тастаған деген мәлімет бар.

Азаптауды болдырмау жөніндегі ұлттық орталық директоры Нурдин Сулаймановтың айтуынша, орталық қызметкерлері колонияда болған. Акцияға қатысушылар азаптау туралы шағым айтпаған. Сулайманов бұл мәселе заң аясында шешілуі тиіс деп есептейді.

Бұл уақытта, колонияда жазасын өтеушілердің туысқандары "Азаттык" радиосына 75 адам аштық жариялағанын айтты. Наразылық акциясына төрт күн болған.

XS
SM
MD
LG