Ссылки доступа

Түркіменстан президенті 600 тұтқынды түрмеден босатты


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Рамазан айындағы "Гадыр гижеси" (Қадір түні) құрметіне 600 сотталушыға рақымшылық жасаған.

Бердімұхамедов рақымшылық жасау туралы бұйрыққа 8 маусымда қол қойған.

Азатлык радиосы дереккөзінің хабарлауынша, президент рақымшылығы жалпы үш мың адамды қамтиды. Оның ішінде түріктің діни уағызшысы Фетхуллах Гюленге қатысы бар, "гүленшілер" деген атпен танымал «Хизмет» қозғалысының мүшелері болды деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған азаматтар да бар. Бірақ олардың нақты саны белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда, 2016 жылдың қазан айында түрік оппозициясына қатысы бар деп 30-дан астам адам сотталған. Енді бір мәлімет бойынша, 50 адам түрмеде отыр.

Орталық Азия елдері арасында адам санына шаққанда ең көп тұтқын Түркіменстанда. Бірақ соңғы жылдары Гурбангулы Бердімұхамедов рақымшылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Соңғы рет биыл Наурыз мерекесі қарсаңында амнистия жариялады.

XS
SM
MD
LG