Ссылки доступа

Тәжікстан ислам орталығы әйелдерді оральдық секске мәжбүрлеуді айыптады


Тәжікстанның ислам орталығы әйелдерін оральдық секске мәжбүрлейтін ер адамдарды қатаң айыптады.

Тәжікстан ислам орталығының басшысы Саидмукаррам Абдулкодирзода соңғы жұма намаз кезінде әйелдерін жыныстық қатынастың дәстүрлі емес түріне мәжбүрлейтін ер азаматтар үлкен күнә жасайды деп мәлімдеген. Бұл жайында орталықтың ресми сайтында жарияланған.

Діни қызметкердің сөзінше, мұндай "бұзақылықтың" бұлағы интернеттегі порнофильмдер.

Саидмукаррам Абдулкодирзода
Саидмукаррам Абдулкодирзода

Ислам орталығының қызметкері Джамолиддин Хомуши 11 маусымда Саидмукаррам Абдулкодирзоданың бұл уағызын күйеулерінен қорлық сезім көрген әйелдердің өтініші бойынша жасағанын түсіндірді. Орталыққа келетін әйелдер Ресейден келген күйеулері өздерін оральдық жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтінін айтқан.

Тәжіктің танымал дәрігері, «Асрори заношуи» («Отбасылық өмірдің құпиясы») деп аталатын кітаптың авторы Мулозухур Тохири оральдық секс Тәжікстанда кең таралмағанын, тек аз ғана отбасы мүшелері тәжірибе жасайтынын айтады. «Негізінде дәрігерлер жыныстық қатынастың мұндай түрін қуаты кеміген ер азаматтарға ұсынады», - дейді ол.

Екі жыл бұрын Тәжікстанның танымал діни қызметкерінің бірі Кобилджон Боев та интимді ойыншықтарды сату идеясын сынға алған.

XS
SM
MD
LG