Ссылки доступа

Түркіменстан: селмен ағып келген бірнеше ауғанстандықтың денесі табылған


Әмудариядағы су тасқыны, Түркіменстан (архив суреті)
Әмудариядағы су тасқыны, Түркіменстан (архив суреті)

Түркіменстанда мамыр айының соңында бірнеше күн қатарынан нөсер жаңбыр жауған. Салдарынан оңтүстік-шығыстағы Мары уәлаятындағы бірнеше ауылды су басқан.

"Осыған дейін де ұзаққа созылатын жаңбыр ауылға қатер төндіретін. Бұл жолы Мургап өзені арнасынан асып, ауылды сел басты. Су тасыған кезде Марчак ауылына суға батып кеткен Ауғанстан тұрғындарының денесі ағып келді", - дейді Тагтабазар тұрғыны Азатлык радиосына.

Тагтабазар тұрғындарының айтуынша, көршілес Марчак ауылын да су басқан. Селдің күшейгенін байқаған ауыл тұрғындары тек қажетті заттарын алып, ауыл шетін паналаған. Бірақ үй жануарларын құтқарып үлгермеген.

“Селдің қатты болғаны соншалық бүкіл ауылды басып қалды. Ауыл малдарын, қазан-ошақты, үйге қажетті заттарды шайып кетті. Кейін ағыс тоқтап, сел бәсеңдеген кезде, балшықтан сегіз адамның денесі табылды. Ауғанстан жақтан ағып келген. Олардың денесі жақын маңдағы мазарға жерленді", - дейді Мары уәлаятының тұрғыны.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, жергілікті ауыл басшылары аймақтық мекемелер мен кәсіпорындардан зардап шеккен үйлерге көмектесу үшін ақша жинап жатыр.

Несколько районов Ахалской и Балканской областей Туркменистана пострадали от сели
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:35 0:00

XS
SM
MD
LG