Ссылки доступа

Стамбұл әуежайында қырғыз қызы жоғалып кетті


Түркияда Стамбұл әуежайында Қырғызстан азаматы Нургиза Кулмамбетова ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Бұл жөнінде Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

Мекеменің мәліметі бойынша, бойжеткен Торонтодан (Канада) Бішкекке Стамбұл арқылы келе жатқан. 13 маусымда оның туыстары сыртқы істер министрлігіне хабарласқан.

Кулмамбетованың құрбысымен деп таныстырған Бішкек тұрғыны Алтынай Усубалиева Нургиза алтын өндіретін "Құмтөр" компаниясының қызметкері деді. Оның сөзінше, Стамбұл әуежайында қыздың қол сөмкесі табылған.

XS
SM
MD
LG