Ссылки доступа

Тәжік магистрі Нью-Йорк сотында: "Профессор пышағын суырды, мен тек қорғандым"


АҚШ-та 66 жастағы профессор Джереми Сафранды өлтірді деп айыпталып отырған Тәжікстан азаматы Мирзо Атажанов сот процесі барысында "профессор бірінші болып пышағымен шабуыл жасады, мен қорғануға мәжбүр болдым" деп мәлімдеді.

New York Daily News газетінің жазуынша, Сафран Атажановты үйіне жарықты жөндеп беруге шақырған. Магистр өзінің электрик емес екенін айтқан. Бірақ шамды жөндегенімен, бәрібір бір өшіп, бір жанып тұрған. Бұған профессор қатты ашуланып: «бұл елде мигранттардан ешқандай пайда жоқ» деген. Бірақ профессордың өзі АҚШ-қа Канададан көшіп барған.

Екеуінің арасындағы сөз таластыру төбелеске ұласқан. Атажановтың айтуынша, Сафран пышақ ала жүгірген. Ол "өзін-өзі сақтану түйсігімен" әрекет еттім деген.

Оқиға орнына келген полиция Шафранды жертөледе қанға малынған күйінде тапқан. Америкалық басылымдар Атажановтың профессордың жертөлесінде шкафта тығылған жерінен ұсталғанын хабарлаған.

Бастапқыда полиция күдікті профессорды балғамен ұрып өлтірді деп болжам жасаған. Бірақ кейін пышақ қолданғаны белгілі болған. Күдікті қылмыс ізін жасыру үшін, пышақты көлігіне тығып үлгерген. Бірақ полиция дер кезінде келіп, ұстаған.

Атажановтың LinkedIn желісінде парақшасы бар. Онда оның Душанбеде тәжік мемлекеттік медицина университетін, Нью-Йоркте Brooklyn College магистратурасын тәмамдағаны жазылған. Ол Нью-Йоркте «Champion» шахмат клубының негізін қалаған. Биыл наурыз айынан бастап Obridge Academy мектебінде «Жалпы биология» пәні бойынша дәріс беріп келген.

Жас жігіттің әке-шешесі 2013 жылы гринкард ұтып алып, АҚШ-қа көшкен екен.

XS
SM
MD
LG