Ссылки доступа

Тергеушілер Ташкент прокурорының бұрынғы орынбасарының үйінен байлық іздеп жатыр


«Озодлик» дереккөзінің ақпараты бойынша, маусым айының басында Ташкент қаласы прокурорының бұрынғы орынбасары Мираглам Мирзаевтың үйіне тінту жүргізілген.

Тінтуді Өзбекстанның бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген.

Мирзаевтың туыстарымен араласатын кәсіпкердің айтуынша, тергеушілер тінту жүргізілген үйлерден байлық іздеген. Олар бұрынғы прокурордың бар дүние-мүлкі туыстарының аттарына жазылуы мүмкін деген.

Мираглам Мирзаев күні кешеге дейін Өзбекстандағы заңды қадағалау саласында беделді шенеуніктердің бірі болған. Бірақ президент Шавкат Мирзияевтің сынынан кейін қызметінен алынған.

Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген Мираглам Мирзаевтың 42 жастағы ұлы Абдурашид Мирзаев 6 наурызда отбасымен Мәскеуге ұшқалы тұрғанда құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған.

XS
SM
MD
LG