Ссылки доступа

Путин Ресей президенті әкімшілігінің өкілетін кеңейтті


Ресей президенті әкімшілігі бұдан былай Мемлекеттік думаға ұсыну үшін заң әзірлеп ғана қоймайды, төменгі палата қабылдаған заң жобасына түзетулер енгізе алады. Ол Владимир Путиннің бейсенбі күні "Ресей Федерациясы президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу жөніндегі" жарлығында көрсетілген.

Құжатта сонымен бірге "әкімшілік патриоттық тәрбие беру саласында негізгі мемлекеттік саясат бағыттарымен айналысады" делінген.

Жарлық қол қойған күні күшіне енді.

Жақында Владимир Путин төртінші мерзімге сайланғаннан кейін әкімшілікте кадрлық өзгерістер жөнінде бірқатар жарлыққа қол қойған. Онда көптеген шенеуніктер, оның ішінде әкімшілік жетекшісі Антон Вайно қызметін сақтап қалды.

XS
SM
MD
LG