Ссылки доступа

Помпео Қытайды Сингапур саммиті жөнінде хабардар етті


АҚШ мемхатшысы Майк Помпео ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу кезінде

Қытайға мемлекеттік хатшы ретінде алғаш ресми сапарлап барған Майк Помпео 14 маусымда Бейжіңде Қытай халық республикасы төрағасы Си Цзиньпинмен, саяси бюро мүшесі Ян Цзечимен және сыртқы істер министрі әрі мемлекеттік хатшы Ван Имен кездесті.

Помпео АҚШ-тың Қытаймен конструктивті әрі нәтижелі қарым-қатынасына ниетті екенін айтқан.

Қытай басшыларымен кездесу барысында Помпео АҚШ президенті Дональд Трамптың 12 маусымда Сингапурде Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесуінің нәтижесі жайында хабардар етті. Помпео АҚШ-тың Корей түбегін денуклеаризацияп, тұрақты бейбітшілік орнатуға толықтай күш салатынын жеткізген.

Мемлекеттік хатшы сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты резолюциясының толықтай жүзеге асуының маңызды екенін айтып, "егер Пхеньян ядролық қарудан тез арада бас тартса, бұл елді жарқын болашақ күтіп тұр" деп атап өткен.

Помпео АҚШ-тың Оңтүстік Қытай теңізін милитаризациялауға алаңдап отырғанын жеткізген. Бұл іс-қимыл расында қысым туғызып, еркін сауда айналымына қауіп төндіріп, аймақтық тұрақтылыққа кері әсерін тигізуі мүмкін деді. Ол сөз соңында АҚШ Құрама Штаттар мен Қытай арасында әділетті, теңдестірілген әрі инвестициялық қарым-қатынас болуын қалайды деген.

XS
SM
MD
LG