Ссылки доступа

Түркіменстан фермерлері пісіп-жетілмеген астық жинап жатқанын айтады


Түркіменстанның ресми басылымдары Балкан және Дашогуз уәлаяттарында астық жинау науқаны басталғанын хабарлап жатыр. Бірінші болып егін жинауға Мары облысы кіріскен.

«Тагтабазар ауданындағы жерді жалға алушылар мемлекеттік қамбаға 19 800 тонна бидай өткізді, түсім жоспарын толық орындады»,- деп жазды ТДХ мемлекеттік агенттігі. Мары облысында жалпы жиналған астық көлемі 154 мың тонна болған.

Бірақ диқандар биліктің бұйрығын орындаймыз деп әлі толық піспеген астық орылып жатқанын айтады. Азатлыктың Дашогуз ауданындағы дереккөзі хабарлағандай, егін алқаптарынан піспеген бидай орылып, орнына мақта егіліп жатыр.

Жерді жалға алушылар астықтың жетілмегенін судың жоқтығы мен тыңайтқыштың жетіспегенімен түсіндірген.

Биыл Дашогуз ауданында 157 мың гектар жерге бидай егілген. Жоспарға сәйкес, 300 мың тонна астық жиналу керек. Бірақ диқандар мұндай жоспарды атқару мүмкін емес дейді.

XS
SM
MD
LG